Жаңалықтар

Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті
Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған әйел ұсталды
Фото: polisia.kz 13.02.2023 18:51 4022

Қызылордада танысынан 5 млн теңге бопсалаған 35 жастағы әйел ұсталды деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

12 ақпан күні полицияға 44 жастағы азаматша жүгінді. Ол танысы өзін масқаралайтын мәліметтерді жария етемін деп қорқытып, бопсалау арқылы 5 млн теңге беруді талап еткен. Аталған дерек бойынша Қазалы АПБ және Ұйымдасқан қылмысқа күрес басқармасының қызметкерлерімен қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кезекші тәулікте 35 жастағы облыс тұрғынын ұстады.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 194-бабының 3-бөлігімен (Қорқытып алушылық, яғни күш қолдану не бөтеннің мүлкін жою немесе бүлдiру қатерін төндіріп, сол сияқты жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi тарату қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін немесе мүлiкке құқықты беруді немесе мүлiктiк сипаттағы басқа да әрекеттер жасауды талап ету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға