Жаңалықтар

Қызылордада сыныптасын жезөкшелікке мәжбүрлегендер жазаланбайтын болды

Қызылордада сыныптасын жезөкшелікке мәжбүрлегендер жазаланбайтын болды
Фото: istockphoto.com 01.02.2025 17:01 174

Қызылордада 16 жастағы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеуге байланысты елді дүрліктірген іс бойынша 217 ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«НеМолчиKZ» қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің айтуынша, 5 қыркүйекте күшіне енген «Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заңға сәйкес бұл адамдар жауапқа тартылуы мүмкін еді. Алайда оқиға 5 тамызда анықталып, 6 тамызда ғана шағым түскендіктен, жаңа заңның күші оларды қамтымайды.

Оларды шақырды, кейбіреуін жұмыс орнынан тапты, кейбіреуін жұмыстан шығарды, тағы бірін жазалады, бірақ бұл қылмыстың себебін олар өзінің құмарлығы немесе ақы төлеп зорлық-зомбылық жасауға бейімділігінен емес, керісінше, қыздың өзіне және оның оқиғаны жария еткенінен көріп отыр, – деп жазды Таңсәрі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға