Жаңалықтар

Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған ер адам өзін өртеп жіберген

Қызылордада сүйген қызын қарата алмаған ер адам өзін өртеп жіберген
Фото: El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 01.08.2023 10:12 1357

Қызылордада 37 жастағы ер адам өзін өртеп жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 30 шілдеде болған. Ер адам сүйген қызын қарата алмағанына ашуланып, үстіне бензин құйып, өзін өртеп жіберген.

Оқи отырыңыз:

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу" бойынша тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Өзге ақпарат ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды, - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы өте ауыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға