Қызылордада қауын тиелген жүк көлігі жанып кетті
Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» тасжолының 1 872 шақырымында орын алған.
Шиелі ауданынан Ресейге бет алған «Volvo FH» шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі - тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді, - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтауда жасөспірім оқыс жағдайға тап болғаны туралы жазған болатынбыз.