Қызылордада қоғамдық көлікте жол жүру ақысын электронды әдіспен төлеу енді тиімдірек. Себебі мұнда сараланған тариф енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
Дегенмен әзірге бұл жаңашылдық тек "Қызылорда автобус паркі" ЖШС-нің автобустарында ғана іске қосылған. Бұл ЖШС-ға тиесілі қоғамдық көліктер барлық қала бағыттарына қызмет көрсетпейді.
Қыркүйек айынан бастап "Қызылорда автобус паркі" ЖШС-ға қарасты қоғамдық көліктерде жол жүруге сараланған тариф енгізілді. Жолаушылар жол жүру ақысы ретінде 130 теңгені қолма-қол төлесе, дәл сол сапар үшін қолма-қолсыз әдіспен төлеу 85 теңгені құрайды. Студенттер үшін төлемақы қырық теңге болып қалады. Тариф азаматтарды көлік карталары мен электронды төлем әдістерін пайдалануға ынталандыру үшін енгізілген, - деп хабарлады автобус паркінің өкілдері.
Айырмашылық сезіледі, оның үстіне электронды төлемді бірнеше жолмен жасауға болады.
Мысалы, бұл QR коды немесе SMSBUS бағдарламасы. Сонымен қатар электронды жол жүру карталары енгізілді және банк картасымен төлеу әдісі де бар. Сондай-ақ жол жүру ақысын ұялы байланыс операторлары, "Мой Билайн", "Мой Актив" және СМС арқылы төлеу мүмкіндігін пайдалануға болады", - деді автопарк өкілдері.
Бүгінгі таңда "Қызылорда" автобус паркі 18 қалаішілік бағытқа қызмет көрсетеді және "Ягодка" мен "ПМК-66" саяжайларына да автобустары қатынайды. Қалаішілік жолаушылар тасымалына күн сайын 150-ден астам автобус жіберіледі. Бағдарлар бойынша қоғамдық көліктердің аралығы 12-15 минутты құрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Каспийде мекендейтін жануарлар тағдыры қалай болмақ?
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды