Қызылордада полиция қызметкерін пышақтап кетті

Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
03.08.2023 10:31
1093
Қызылорда қаласында полиция қызметкерін пышақтап кетті. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде жазылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Деректі облыстық Полиция департаменті растады. Оқиға қаланың Титов мөлтек ауданында болған.
Оқи отырыңыз:
- Каспий теңізінде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды
- Түркістан облысында жасөспірім мазараттағы көктастарды бояп тастаған
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 380-1-бабы 2-бөлігінің 6-тармағымен қылмыстық іс тіркелді. Онда адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы құқық қорғау органы қызметкерінің өміріне қолсұғушылық жағдайы көрсетілген. Бұған байланысты жан-жақты және объективті тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талабына сәйкес, тергеудің өзге деректері жария етуге жатпайды, - деп мәлім етті ведомстводан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
FlyArystan-да халықаралық рейстерге тіркелу ақылы болады
Келесі жаңалық
ФИФА вице-президенті Шандор Чаньи ҚФФ кеңсесіне келді