Қызылордада өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.10.2024 20:01
4641
Бүгін Қызылорда қаласы Махамбет ауылында шаруашылық құрылыс өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Барлау барысында өрт сөндірушілер өртке оранған құрылыстан 2 газ баллонын тауып алды. Ыстық әрі қысымның жоғарылауына байланысты деформацияға ұшыраған баллондар суытылып, қауіпсіз жерге шығарылды.
Өрт кәсіби өрт сөндірушілермен даму кезеңінде сөндірілді. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Каспий теңізіне «Шапшаң» әскери десанттық катері түсірілді
Келесі жаңалық
Атыраудағы Индер ауданында 30 шақырым бөгет нығайтылды