Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды
Тергеу әрекеттері жалғасады![Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды](/storage/storage/element/2022/12/06/mainphoto/29939/1200xauto_w8HBLdAKoJUbI53l2QRrvnuTi0lAjQCzBjg2b5Md.jpg)
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz
06.12.2022 18:25
1595
Қызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ондағы деректерге қарағанда, 3 желтоқсан күні Қызылорда қаласы полиция бөлімінің «102» арнасына мұз астында белгісіз адамның мәйіті жатқаны жөнінде хабарлама түскен.
Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.
«Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасады», - делінген хабарламада.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда ет бағасы қымбаттады
Келесі жаңалық
Қытайда IX қысқы Азия ойындары ресми түрде басталды