Жаңалықтар

Қызылордада мұғалім кісі қолынан қаза тапты – БАҚ

Қызылордада мұғалім кісі қолынан қаза тапты – БАҚ
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 12.01.2025 20:08 166

БАҚ-та Қызылорда қаласындағы 261 мектептің мұғалімі кісі қолынан қаза тапты деген ақпарат тарады. Өліміне марқұмның күйеуі күдікті болып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Марқұмның артында 4 және 8 жасар балалары қалған. Артынша мектеп ұжымы көңіл айту жазбасын жариялады.

Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектеп ұжымы бастауыш сынып мұғалімі Шәленова Анар Серікқызының мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді.

Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш... Анар Серікқызы біз үшін әріптес қана емес, балаларына үлгілі ана, әріптестеріне мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азаматша еді.

Марқұмның иманы саламат болып, артында қалған балаларына ұзақ ғұмыр берсін, - делінген мектептің мәліметінде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға