Жаңалықтар

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Қызылордада мектеп мұғалімі әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 03.06.2024 09:22 761

Қызылорда қаласында мектеп мұғалімі дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Желіде Қызылордада мұғалім әріптесін өлтіргені туралы ақпарат тарап жатыр.

Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, күдікті қамауға алынды, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді, – дейді департамент баспасөз қызметі.

Бұл оқиғаға облыстық білім басқармасы да түсініктеме берді.

31 мамырда екі мұғалімнің де еңбек демалысына кеткенін хабарлаймыз, оқиғаның мән-жайын құзырлы орган анықтап жатыр, – деп жазылған ведомствода.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға