Жаңалықтар

Қызылордада мал қорадағы ірі өрт сөндірілді

Қызылордада мал қорадағы ірі өрт сөндірілді
Фото: Видеодан кадр 01.06.2024 20:08 623

Қызылордада мал қорада өрт шықты. Оқиға бүгін 1 маусымда Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы алаңы 525 шаршы метрді құрайтын мал қораның шатыры өртенген. Қора ішіндегі 35 жылқы қауіпсіз аймаққа айдалған. 

Оқиға орнына дереу жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды сөндірді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға