Қызылордада көпірден секірген ер адам көз жұмды
Фото: @POLICE_of_KZ
Фото: @POLICE_of_KZ
17.12.2022 15:59
860
Қызылордада ер адам көпірден секіріп кетті. Өкінішке қарай, ол қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
17 желтоқсан күні сағат 00:00 шамасында Қызылордада 102 арнасына сол жағалаудағы көпірден азаматтың секіріп, өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендігі жөнінде хабарлама түсті.
Аталған хабарлама бойынша жедел-тергеу тобы оқиға орнына жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азамат қайтыс болғандығы анықталды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астанада екі күндік «Qogam Fest» жастар жобасы басталды
Келесі жаңалық
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты