Қызылордада киік атқан браконьер ұсталды
Күдікті УҰИ-на қамалды
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
18.03.2023 15:33
1187
Қызылордада киік жануарын атқан қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.
17 наурыз күні Қызылорда облысы ПД КПБ жойылып кету қауіпі төніп тұрған киік жануарын заңсыз аулап, оның мүйізі мен етін тасымалдап, сақтап, өткізіп, қылмыстық жолмен қаражат тауып жүрген 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.
6 киік аңына ұқсас жануардың өлі денесі, 130 мүйіз, 12 калибрлі аңшы мылтығы, 26 дана оқ және жол талғамайтын автокөлік анықталды.
ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігінің 2- тармағымен сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әлихан Смайылов Ұлыбританияның Сыртқы істер министрімен кездесті
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды