Жаңалықтар

Қызылордада канадалық ғалым тəжірибесімен бөлісті

Қызылордада канадалық ғалым тəжірибесімен бөлісті
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі 09.06.2024 16:19 415
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы- Ректор Бейбіткүл Каримова Канаданың Макгилл университетінің Жоғары білім саласындағы саясат кафедрасының доценті Эмма Харден-Вульфсонмен кездесті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. 
 
Эмма Харден-Вульфсон сапары барысында жаһандық сын-қатерлер, климаттың өзгеруі, технологиялық инновациялар жəне басқа да өзекті тақырыптарға зерттеу жүргізудің жаңа методологиясымен бөлісті.
 
Атап өту керек, Эмма Харден-Вульфсон ЮНЕСКО-ның Халықаралық жоғары білім институтында зерттеу жəне жоспарлау бөлімін басқарған. Сонымен қатар  жасанды интеллект пенсандық трансформация, студенттердің виртуалды академиялық ұтқырлығы, академиялық тəуелсіздік,жоғары білімді дамыту және басқару тақырыбындағы халықаралық жобаларға жетекшілік еткен.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға