Жаңалықтар

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті

Қызылордада грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті
Фото: gov.kz 20.04.2025 02:33 135

Қызылордада Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Турнирге Бразилия, Қытай, Беларусь, Қарақалпақстан, Ресей, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қазақстан сынды 11 елден 300-ге жуық балуан қатысты.

Ашылу салтанатында ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына атсалысқан Қызылорда облысының басшылығына зор алғысын білдірді.

Бұл жарысты Ұлы Отан соғысының қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Тайымбет Көмекбаевтың жеңісіне арнау — өте құптарлық әрі көреген бастама. Себебі, Тайымбет атамыздай ерлердің ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа үлгі ету — біздің борышымыз. Осындай игі шаралар жалғасын тауып, бұл жарыс дәстүрлі сипатқа ие болып, отандық спортқа жаңа сипат беруі тиіс, – деді комитет төрағасы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға