Қызылордада география пәнінің мұғалімі оқушыларға арналған платформа әзірледі

Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Төретам кентінің №80 мектеп-лицейінің мұғалімі Серік Ниязов мемлекеттерді танып-білудің инновациялық бағдарламасын жасап шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, платформа барлық заманауи талаптарға сәйкес жасалған. Бұл мемлекеттік тілдегі бірден-бір платформа.
Жобаның басты жаңалығы – сабақта оқушы жаңа сабақтың мазмұнын толық ашу үшін түрлі сала бойынша ақпараттарды пайдалана отырып, ресурстарды жүйелеп және оны әдістемеге қосуы қажет. Бағдарлама педагогикалық идеяны инновациялармен жүзеге асыруға мүмкіндік береді, – деді платформа авторы.
Платформаның аты да ерекше. Ол «Әлемді таны. Серік ағаймен бірге оқы» деп аталады. Платформаны пайдалану арқылы оқушылар пәндік олимпиадаларға, ҰБТ-ға дайындала алады. Қазіргі уақытта оған жаңартылған мазмұн бойынша елдерді тану деректері енгізіліп жатыр.
