Жаңалықтар

Қызылордада газ құбыры компаниясы директорының орынбасары сотталды

Қызылордада газ құбыры компаниясы директорының орынбасары сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 18.10.2024 16:10 483

«Интергаз Орталық Азия» АҚ Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, Қызылорда қалалық соты «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы Қызылорда магистральдық газ құбырлары басқармасы директорының бірінші орынбасары Н.Нұрболатұлына қатысты үкім шығарды.

Ол «Orda Glass LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сметалық құнын асыра бағалау және «Шыны зауытын резервтік газбен жабдықтау газ құбырын салу» объектісі бойынша орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою арқылы 60,1 млн теңге сомасында мүліктік залал келтіргені үшін кінәлі деп танылды. Сонымен қатар ол объектіні салу кезінде жергілікті маңызы бар автомобиль жолы учаскесін механикалық кесу арқылы мемлекеттік мүлікке қасақана зақым келтіргені үшін сотталды, - делінген мәліметте.

Сот үкімімен Нұрболатұлына 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазым атқаруға 3 жыл мерзімге тыйым салу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға