Қызылордада екі тұрғын қарақұйрықтың ұшасын тасымалдаған

Фото: © Polisia.kz
Фото: © Polisia.kz
26.05.2023 15:20
863
Қарақұйрықтың ұшасын тасымалдаған екі қызылордалық құрықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 мамыр күні Қызылорда облысы ҰҚҚКБ-ның жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ВАЗ автокөлігімен қарақұйрықтың ұшасын заңсыз тасымалдаған екі қала тұрғыны құрықталды.
Автокөлікті тексеру барысында айғақты зат ретінде 3 қарақұйрықтың ұшасы тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 339-бабымен "Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу" сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, - делінген мәліметте.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстанда еріктілер қызметі қалай дамып келеді?
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды