Жаңалықтар

Қызылордада дүкеннен қайырымдылық жәшігін ұрлаған 4 күдікті анықталды

Қызылордада дүкеннен қайырымдылық жәшігін ұрлаған 4 күдікті анықталды
Фото: видеодан алынған кадр 18.08.2023 10:15 1035

Қызылордада дүкеннен қайырымдылық жәшігін ұрлаған төрт күдікті анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласы полиция басқармасына 15 тамыз күні 35 жастағы қала тұрғыны белгісіз азаматтардың дүкен ішіне кіріп, 9 жасар бүлдіршіннің еміне қойылған қайырымдылық жәшігін ұрлап кеткендігі жөнінде арызданған.

Оқиға 14 тамыз күні сағат 15:00 шамасында болған. Қаладағы дүкендердің бірінен белгісіз төрт азамат өзара сөз байласу арқылы қайырымдылық жәшігін ұрлап кетіп, 40 мың теңге көлемінде шығын келтірген. Тексеру барысында күдіктілер қаражатты өз пайдаларына жаратқандығы белгілі болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ішіндегі бейне бақылау камерасы арқылы қайырымдылық жәшігін қолды қылған төрт азамат құрықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға