Жаңалықтар

Қызылордада "Достық үйі" жаңа ғимаратының іргетасы қаланды

Қызылордада "Достық үйі" жаңа ғимаратының іргетасы қаланды
Фото: Қызылорда облысы әкімдігі 02.05.2025 08:40 188

Қызылордада «Достық үйі» жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсімі өтті. Салтанатты шараға аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімі жиналған жұртшылықты Қазақстан халқының бірлігі күнімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен  құттықтап, өңірдегі жобалар мен жаңа орталықта атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Береке-бірлігіміздің ұйытқысына айналып, еліміздегі этносаралық достық пен бірліктің үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына биыл 30 жыл толды. Аталған құрылым бүгінде халқымызды бірлікке, достыққа үндейтін жалпыұлттық келісімнің негізіне айналды. Жаңа «Достық үйі» – аймағымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға атсалысқан этномәдени бірлестіктер мен ассамблея белсенділері үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген замануи ғимарат болады, - деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Айта кетейік, «Достық үйінің» жаңа ғимараты «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ қолдауымен 3 млрд. 800 млн. теңгеге салынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға