Қызылордада браконьерлік фактісі анықталды

Фото: instagram.com/qazaqormany
Фото: instagram.com/qazaqormany
06.02.2025 04:27
745
Қызылорда облысында браконьерлік фактісі анықталды. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Комитет мәліметіне сүйенсек, 4 ақпанда сағат 04:05 шамасында Қызылорда облысы Сырдария ауданы аумағында жүргізілген рейдтік іс-шара барысында «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның инспекторлары УАЗ Хантер маркалы автокөлігін тоқтаттқан. Автокөлікті тексеру барысында 53 қоян, 1 дана аңшы мылтығы (12-калибр), 1 прожектор және 6 патрон табылған.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 337-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Көлік жуу маңында өрт шығып, үш газ баллоны жанып кетті
Келесі жаңалық
Абай облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жастар форумы өтті