Қызылордада баланы ұрған 41 жастағы тәрбиешіге іс қозғалды

Қызылорда қаласы Полиция басқармасына ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шағымданған ата-ананың арызы түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол жеке балабақшада ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдануды сұраған.
Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК 140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Тәркіленген бейнежазба қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот-медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың "денсаулығына жеңіл зиян" келгені белгілі болды, дейді полициядан.
Ал сот-габитологиялық сараптаманың қорытындысы әлі шыққан жоқ. 41 жастағы тәрбиешіге ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды.
ҚР ҚПК 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.
