Жаңалықтар

Қызылордада алаяқ тұрғындардан 10,8 млн теңгені алдап алған

Қызылордада алаяқ тұрғындардан 10,8 млн теңгені алдап алған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 15.06.2023 23:38 671

Қызылордада алаяқтың құрбаны болған тұрғындар полицияға арызданды.

ҚР ІІМ мәліметінше, алаяққа 14 қала тұрғыны алданған.

Күдікті жәбірленушілерден 2022 жылдан бастап «мемлекеттік бағдарламамен бой көтерген жылжымайтын мүлікті кезексіз алып беремін», «баспана алу үшін кезегіңді жылжытып беремін» деп алдау арқылы ақша алған. Шығын көлемі - 10 миллион 820 мың теңге.

Полиция бұрын сотты болған 27 жастағы күдікті азаматты ұстады.

ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Мән-жай анықталып жатыр, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға