Қызылордада 61 жастағы мұғалім оқушыларға азғындық жасады деген күдікке ілінді
Фото: © Pixabay.com
Фото: © Pixabay.com
12.12.2023 10:20
1202
Қызылордада зейнет жасына жақындағы мұғалім оқушыларға жыныстық сипаттағы азғындық жасады деген ілініп отыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап.
Күдікке ілінген мұғалім 13 жылдан бері дене шынықтыру пәнінен сабақ беріп келген. Күдікті полиция қызметкерлеріне берген түсініктемесінде азғындық әрекетке бармағанын жеткізді.
Мектеп ұжымы да, білім басқармасының басшысы да зейнет жасына жақындаған мұғалімнің бұрын-соңды теріс әрекетін байқамағандарын айтып отыр.
Полицияға 4-сыныпта оқитын екі оқушының ата-анасынан арыз жазған. Олар 61 жастағы ұстаз балаларына жыныстық сипатта азғындық жасады дейді. Тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғап, сараптама тағайындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көзіне ота жасатқан ақтөбелік әйел 9 айдан бері есін жиған жоқ