Жаңалықтар

Қызылордада 5 жасар қыз тісін жұлдыртамын деп жақ сүйегінен айырылды

Қызылордада 5 жасар қыз тісін жұлдыртамын деп жақ сүйегінен айырылды
Фото: © iStock 08.12.2023 11:05 1112

Қызылордалық 5 жастағы Аяулым тісін жұлдырамын деп мүгедек болып қалды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі ASTANATV арнасына сілтеме жасап.

Анасының айтуынша былтыр қыркүйекте мемлекеттік тіс емханасына қызының тісі ауырған соң алып барған. Тіс дәрігері тісін жұлып, үйіне қайтарыпты. Бірақ ісіну мен ауырсыну үдей түсті дейді анасы. Артынша, арнайы мамандар Аяулымның жағы іріңдеп, шіріп жатқанын айтқан.

Аяулымның тісін жұлдырғанына бір жыл өтсе де зардабын әлі тартып отыр. Себебі ірің жағына дейін жайылып, 8 айда 3 ота жасатқан. Алғашқы операция Қызылордада жасалғанымен нәтиже болмапты. Анасы сондықтан Алматыға алып баруға мәжбүр болдым дейді. Ал алматылық дәрігерлер кішкентай қыздың жағы шіріп жатқандықтан, құлақ түбіндегі негізгі бөлігін кесіп алып тастауға мәжбүр болған. Енді жақ сүйектің қайта өсетініне кепіл жоқ депті мамандар.

Негізі бұндай диагнозбен барғанда, тіс дәрігері, ортодонттар или хирургтар жұмыс жасау керек екен. Ал менің қызыма орта білімді дантист қызмет көрсеткен, – дейді қыздың анасы Гауһар Ермағанбетова.

Медициналық және формацевтикалық бақылау комитеті аталмыш жағдайға байланысты тиісті диагностикалық тексеріс толыққанды жүргізілмеген деген қорытынды шығарған. Тіпті баланың тісін дантист жұлуға болмайтынын айтқан. Қазір Аяулым үйінде ерекше күтіммен отыр. Тіпті мектеп алды даярлық тобына да бара алмай қалды. Ал анасы кінәлілердің жазасыз қалғанына наразы.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға