Жаңалықтар

Қызылордада 2025 жылға дейін 21 білім ошағы бой көтереді

Қызылордада 2025 жылға дейін 21 білім ошағы бой көтереді
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі 27.02.2023 13:31 1090

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы аясында өңірде 2025 жылға  дейін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 білім ошағы бой көтереді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы Қызылорда облысының әкімдігі мәлімдеді.

Атап айтсақ, Қызылорда қаласында - 8, Арал ауданында— 4, Қазалыда - 2, Қармақшыда - 2 және Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған ауданындарында бір мектептен салынады. Соның ішінде 10 мектептің құрылысы биыл басталмақ.

 Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасымен облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов КБИ мөлтек ауданында болып, жаңадан салынатын білім нысанының орнын көрді.

Сол маңда тұратын тұрғындармен кездесті. 600 орындық мектептің құрылысы биыл басталатынын, алаңдауға еш негіз жоқ екенін айтты. "Жайлы мектептің"  ерекшелігі — бастауыш және жоғары сынып оқушылары  ғимараттың жекелеген блоктарында оқиды. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары болады.

Сондай-ақ бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік құрылғылары орнатылады.  Физика, химия, биология, робототехника заманауи кабинеттерімен қамтамасыз етіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға