Жаңалықтар

Қызылордада 18 жастағы қыз іс-түссіз жоғалды

Қызылордада 18 жастағы қыз іс-түссіз жоғалды
Фото: © Polisia.kz 20.12.2023 12:03 825

Қызылорда қаласында 18 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда қаласының 18 жастағы тұрғыны Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған.

Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы: 1,50 - 1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуызды сұраймыз, - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға