Қызылорда полицейлері екі көліктен тіркеуде жоқ 2 қару тапты

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
12.01.2023 15:25
959
Қызылорда полицейлері кезекші тәулікте екі автокөліктен тіркеуде жоқ екі қару тапты, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылорда қаласы ПБ Тасбөгет полиция бөлімінің патрульдік полиция батальоны инспекторлары бағыт аралау барысында күдік тудырған екі автокөлікті тоқтатқан.
Қарап тексеру барысында автокөліктердің жүк салғышынан құжаты жоқ, ІІО-да тіркелмеген екі аңшы мылтығы алынды. Екі дерек бойынша 32 және 42 жастағы жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған құжаттар сотқа жолданды.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордадан бір түнде 21 мың текше метрден астам қар шығарылды
Келесі жаңалық
Қызылорда облысында жол жабылды