Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды
Қайғылы жағдай Қызылорда-Тереңөзек тасжолында орын алған![Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды Қызылорда облысындағы жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды](/storage/storage/element/2022/12/15/mainphoto/30924/1200xauto_y7DOCk3AxLHqcM26jUEO9dqeTzHKIubOxPPZfIWA.jpg)
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
15.12.2022 05:25
1638
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Тереңөзек-Қызылорда тасжолының 60/31 шақырымында КамАЗ бен бензовоз көліктері жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Соның салдарынан 4 адам қайтыс болып, бір адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.
Орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен (Автомобильді басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, - делінген хабарламада.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық кинолар Үндістанда көрсетілді