Жаңалықтар

Қызылорда облысындағы өрт кезінде жеке үйлердің аумағындағы сиырлар жанып кетті

Қызылорда облысындағы өрт кезінде жеке үйлердің аумағындағы сиырлар жанып кетті
Фото: Қызылорда облыстық ТЖД 15.07.2023 18:29 1087

Қызылорда қаласында оқыстан шыққан өрт бірнеше жеке тұрғын үйдің ауласына тарап, соның салдарынан мал қорада тұрған сегіз сиыр от құшағында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі

Өрт 14 шілдеде сағат 16.00 шамасында болғаны анықталды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне А.Пушкин көшесіндегі тұрғын үйдің бірі жанып жатыр деген хабарлама келіп түскені айтылды. 

Оқиға орнына департаменттен 1 техника мен 5 қызметкер барды. Өрт сол көшеде тұрған бірнеше үйдің сарай, төбе жабыны, мал қора және Т. Жүргенов көшесіндегі шатырының ағашын шарпыған. Жедел әрекет ету барысында өрт ошағынан 3 дана 50 литрлік, 1 дана 27 литрлік газ баллоны сыртқа шығарылды. Өрт сағат 16.49 -да оқшауланып, сағат 17.46-да сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қызыл жалын салдарынан тұрғын үйлердің біріндегі мал қорада тұрған 8 сиыр, 3 тауық, 1 ит өртеніп кетті, - деді облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға