Қызылорда облысында журналистер мінген әкімдік көлігі апатқа ұшырады
Фото: paparaci.kz
Фото: paparaci.kz
15.01.2024 13:25
1468
Бүгін түске қарай Жаңақорған ауданының Құттықожа ауылына бара жатқан жолда облыс әкімдігінің тойота «Hice» автокөлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі paparaci.kz-ке сілтеме жасап.
Көлік ішінде Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Жаңақорған ауданына сапарын ақпараттандыруға аттанған бір топ БАҚ өкілдері болған. Журналистер мінген көлік әкімнен бұрын келесі нысанға жету үшін асығып, жолдан тайып кеткен, - делінген ақпаратта.
Абырой болғанда, адамдар аман. Түрлі дене жарақатын алғандар бар.
- Оқи отырыңыз:
- Назарбаевтың немере інісін тергеу аяқталды
- Балаға ағылшын тілін қай жаста үйрету керек?
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға