Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
29.06.2023 14:24
870
Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмып, тағы төрт адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылорда облысының Қармақшы ауданы аумағында Шымкент-Самара тас жолында Chevrolet Lanos және Lexus ЕS300 автокөліктерінің соқтығысу салдарынан орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Жол апаты салдарынан 3 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
