Қызылорда облысында жол апатынан екі адам қайтыс болды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
12.08.2023 12:25
1680
Қызылорда облысында болған қайғылы жол апаты кезінде екі адам бақилық болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Оқиға 12 тамыз күні түнгі сағат 03:00 шамасында Қызылорда-Жалағаш тасжолында Жалағаш ауданы Ақсу ауылының тұсында тіркелді. Апат кезінде Toyota автокөлігінің жүргізушісі басқару жүйесіне ие бола алмай қалған.
Жол апаты салдарынан 2 жолаушы көз жұмып, жүргізушімен қоса қалған бес адам түрлі жарақаттар алды. ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, - деп жазылған ІІМ таратқан ресми ақпаратта.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды