Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған екі күдікті ұсталды

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz
26.03.2025 09:22
375
Қызылорда облысында заңсыз аң аулаған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
25 наурыз күні сағат 18:25 шамасында Қазалы ауданында Қазалы аудандық полиция бөлімінің табиғатты қорғау инспекторы Төлебаев және Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының рота қызметкерлерімен бірлесіп рейдттік жұмыстар жүргізу барысында Урал мото көлігін тоқтатты. Мото көлікті тексеру кезінде екі аңшы мылтығы және 14 бас далалық үйрек табылды.
Барлық заттай дәлелдеме тәркіленді. Осы дерек бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабының 1-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды. Сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу:
