Жаңалықтар

Қызылорда облысында түйе батпаққа батып қалған

Қызылорда облысында түйе батпаққа батып қалған
Фото: ҚР ТЖМ 24.03.2025 20:40 488

Қызылорда облысында батпаққа батқан түйеге көмек көрсетілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, бүгін Арал ауданының тұрғындары құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Алтықұдық ауылынан 15 шақырым жерде түйе батпаққа батып, орнынан тұра алмаған.

ТЖМ құтқарушылары жергілікті тұрғындармен бірлесіп оны батпақтан шығарып, 600 метр қашықтықта құтқару арқанының көмегімен тазартылған учаскеге сүйреп шығарды. Түйе иесіне тапсырылды, - делінген мәліметте.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға