Жаңалықтар

Қызылорда облысында тұрғындар 120-дан астам киікті атып алған

Қызылорда облысында тұрғындар 120-дан астам киікті атып алған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 07.03.2025 21:08 731

Қызылорда облысында 120-дан астам киікті атқан тұрғындар ұсталды, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, 6 наурызда өңір полицейлері Volkswagen Crafter көлігін тоқтатып, тексеру барысында оның ішінен 39 киіктің өлексесін тапты. Сонымен қатар жеке үйді тексеру кезінде тағы 84 өлексе, 14 бас және 6 тері анықталды.

Үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға