Жаңалықтар

Қызылорда облысында қыздар жалған аккаунт арқылы ер азаматтардан ақша бопсалаған

Қызылорда облысында қыздар жалған аккаунт арқылы ер азаматтардан ақша бопсалаған
Фото: t.me/POLICE_of_KZ 27.06.2023 21:07 1231

Жалған аккаунт арқылы ер азаматтармен танысқан қыздар олардан ақша бопсалаған. Қызылорда облысында осындай бір топ әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полицияға ер азамат арызданып, сәуір айынан бастап белгісіз әйелдер жеке сипаттағы суреттері мен хаттар үшін 500 мың теңге талап еткендігін айтқан.

ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде облыстың үш тұрғыны ұсталды. Facebook-те жалған аккаунт құра отырып, бұл әйелдер әлеуметтік желілерде абыройға кір келтіретін мәліметтерді таратпау үшін ақы сұраған, - делінген мәліметте.

Бопсалаушылардан барлығы 8 адам жапа шеккен. Ал заттай дәлелдеме ретінде бірнеше телефон, қолма-қол ақша және банк карталары тәркіленген.  

ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Екі күдікті әйел УҰИ-ға қамалды, үшіншісіне қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сондай-ақ күдіктілердің осыған ұқсас деректерге қатыстылығы тексерілуде, - делінген мәліметте.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға