Қызылорда облысында құрғақшылық болады – Қазгидромет

Фото: ©Getty IMAGES/Ashley COOPER
Фото: ©Getty IMAGES/Ashley COOPER
03.05.2023 09:53
1855
Мамыр айында Қызылорда облысының екі ауданында құрғақшылық күтіледі. Бұл туралы «Қазгидрометке» сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжамынша, оңтайлы ылғалды жағдай Қостанай облысында – Қарасу ауданында, Ақмола облысында – Ақкөл, Атбасар және Астрахань аудандарында, Шығыс Қазақстан облысында – Күршім, Глубокое, Зырян, Ұлан, Қатонқарағай аудандарында және Өскеменде, Алматы облысында – Талғар ауданында болжанады.
Қызылорда облысының Арал және Қазалы аудандарында құрғақшылық күтіледі: мұнда жауын жаумай, жоғары температура болжанады.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға Сырымбетов көтеріледі
Келесі жаңалық
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді