Қызылорда облысында екі мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz
02.12.2024 15:29
345
Қызылорда облысы тұрғындарынан 2 мыңнан астам киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция мәліметінше, Арал ауданына қарасты Сексеуіл ауылында полиция қызметкерлері жойылып кету қаупі бар жануарлардың дериваттарын сатумен айналысқан азаматтарды ұстады.
Олардан жалпы салмағы 400 келі болатын 2038 киік мүйізі, электронды таразылар және екі автокөлік тәркіленді, - делінген мәліметте.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Теміртауда заңсыз майнинг фермасы анықталды
Келесі жаңалық
Алматыда бірнеше ауданда кедергісіз тұрақтар іске қосылады