Қызылорда облысында екі бала газдан уланып көз жұмды
Фото: © El.kz
Фото: © El.kz
11.09.2023 10:41
741
Қызылорда облысында жеке үйлердің бірінде екі бала газдан уланып қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметі мәлім еткендей, қайғылы оқиға 11 қыркүйекте сағат 7:15-те Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі жеке тұрғын үйде болған.
Н. Бекежанов көшесіндегі жеке тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша табиғи газдан уланып, 2017 және 2020 жылдары туған екі бала қаза болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамнан 1 қызметкер барды, - делінген хабарламада.
ТЖД өкілдері газ пештері мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Көзге лазерлік ота жасатқан дұрыс па?
Келесі жаңалық
Абай облысында мектеп аумағындағы қазандықта жарылыс болды