Қызылорда облысында браконьерден 26 киік тушасы тәркіленді
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
22.02.2023 14:33
1312
«Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары мен құқық қорғау органдарының бірлескен рейдтік іс-шаралары барысында қызылорда облысы Сексеуіл кентінен 38-жасар жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлімдеді.
Күдіктінің үйін тексеру барысында 26 киік тушасы табылып, тәркіленді. Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабының 2- тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да түрмеден қашып кеткен ер адам ұсталды
Келесі жаңалық
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты