Қызылорда облысында аспанға оқ атқан тұрғын ұсталды

Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
30.08.2023 17:25
966
Қызылорда облысының полицейлері ауаға қарудан оқ атқан азаматты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 29 тамыздан 30 тамызға қараған түні Тереңөзек ауылында болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Құқық бұзушы аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар бейнежазбадағы көлік иесі де анықталды. ІІО-ның есебінде жоқ газды қару тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта.
Бөлісу:
