Жаңалықтар

Қызылорда облысында 27 медициналық нысан салынады

Қызылорда облысында 27 медициналық нысан салынады
Фото: ҚР ДСМ 05.05.2024 12:08 739

Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Ақмарал Әлназарова өңірдің медициналық ұйымдарының басшыларымен жергілікті денсаулық сақтауды дамытудың өзекті мәселелері бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ДСМ мәліметінше, облыстың кейбір медициналық-демографиялық көрсеткіштерін атап өтіп, ведомство басшысы қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткішінің – 26%-ға, қатерлі ісіктерден болатын өлім көрсеткішінің 14%-ға төмендеуіне назар аударды.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы дәрігерлерге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы айтып берді, оған сәйкес Қызылорда облысында ауылда 27 МСАК нысанын салу жоспарлануда, бұлар: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, сондай-ақ ауыл тұрғындары үшін дәрігерлік амбулаториялар, - делінген мәліметте.

Сондай-ақ Шиелі және Жаңақорған қалаларын қоса алғанда, 4 ауданаралық аурухананы күрделі жөндеу және медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғырту көзделген.

Кадрлық қамтамасыз ету бөлігінде А.Әлназарова ведомство қабылдаған шаралар туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды есепке алу мен жоспарлауды нақты уақыт режимінде қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін денсаулық сақтаудағы кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесін (кәсіби тіркелім) әзірлеу жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға