Жаңалықтар

Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды

Қызылорда облысы ПД бастығының бірінші орынбасары тағайындалды
Фото: polisia.kz 30.05.2024 12:00 422

Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары тағайындалды. Бұл туралы Полиция департаменті баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Махсудхан Аблазимовтың жеке құрамға жаңадан тағайындалған бірінші орынбасары таныстырылды. Министрдің бұйрығымен Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары қызметіне полицияполковнигі Ермахан Абдраманов тағайындалды.

Абдраманов Ермахан ҚР ІІМ-нің Алматы қаласы жоғары мектебін бітірген. Еңбек жолын жедел уәкіл болып бастаған, әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті. 2022 жылдан бастап жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент қаласының полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары болды.

Махсудхан Аблазимов жаңа орынбасардың қызметіне табыс тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға