Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды

Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды
Фото: Антикор/Видеодан алынған кадр 20.08.2024 12:18 455

Алматы қалалық сотымен Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының бұрынғы орынбасары А.Қасымбаев пен кәсіпкер Ж.Сәкенов сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор мәліметінше, олар алаяқтыққа оқталғаны және Алматы қаласы кәсіпорындарының бірі директорының қылмыстық ісін тоқтату үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне 10 млн теңге сомасында пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

Сот үкімімен Қасымбаев пен Сәкенов әрқайсысы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген мәліметте.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға