Жаңалықтар

«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды заңсыз аулағандар ұсталды

«Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды заңсыз аулағандар ұсталды
Фото: Polisia.kz 17.10.2024 07:29 132

Ер адам Қызылорда облысы Полиция департаментінің және «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК-ның Қызылорда өңірлік филиалы инспекторларымен прокуратураның үйлестіруімен өткізілген жедел іс-шара барысында ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол «Қызыл кітапқа» енген сұңқарларды шетелге сату мақсатында заңсыз аулаған. 

Тұрғынның үйіне тінту жүргізу барысында сұңқар тектес 2 құс алынды. Қазіргі таңда құстар Шымкент зоологиялық саябағына тапсырылды. 

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға