Жаңалықтар

"Қызы актриса, інісі белгілі әнші". Қаскөйді ұстауға көмектескен азаматтың кім екені анықталды

"Қызы актриса, інісі белгілі әнші". Қаскөйді ұстауға көмектескен азаматтың кім екені анықталды
Фото: Видеодан кадр 07.03.2025 15:36 4636

Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алған ер адам туралы жаңа ақпараттар пайда болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әуежай қызметкерін қаскөйден аман алып қалған ер адам – 52 жастағы Мұса есімді тұрғын. Ол танымал әнші, «Жігіттер» тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты. Сондай-ақ қызы белгілі актриса Аружан Мұсаның әкесі. Актриса жарнама роликтеріне түсіп, «Тырна» сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған. 

Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Бүгінгі ерлігі рас ел шулап жатыр. Намысты жігігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді…Ешкім батыр боламын, қахарман боламын деп жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз ерлік.Бұлай қаһарман боларын білгенде таңда бізді шығарып салғанда суретке түсіп алар едік. Ол 9:25 те Қостанайға ұшқанда көргенбіз, аманатын ап кеткенбіз. Мемлекеттік марапатқа да ұсынып үлгеріпті, - дейді Бағлан Әбдірайымов.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға