Жаңалықтар

«Қызтекелерге жалынды сәлем»: енді ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынуы мүмкін

«Қызтекелерге жалынды сәлем»: енді ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салынуы мүмкін
Фото: t.me/mazhilis_kz 22.01.2025 13:49 217

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елімізде ЛГБТ насихатына тыйым салу шараларын қолға алу керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мәжілісмен премьер-министр Олжас Бектеновке, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа жолдаған сауалында АҚШ-тың өзі табиғи жаратылысқа қарсы жынойнақ топтарға тыйым салып жатқанда, Қазақстан қарап қалмауы керек деп санайды.Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың сөздерін де еске салды. 

Барлық қызтекеге «Дядя Дональдтан» жалынды сәлем. Біз ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды көздейтін арнайы заң нормаларын да әзірледік. Алайда осы әрекеттерімізге кейбір шенеуніктер Батыс елдері өкілдерінің «демократияны шектеп жатырсыңдар», «адам құқығын таптап жатырсыңдар» деген ұстанымдарын желеу қылып, қарсылық білдірді.

Тіпті, ЛГБТ өкілдері және олардың сыбайластары депутат әріптестеріме және олардың отбасыларына әлеуметтік желіде, бұқаралық ақпарат құралдарында жаппай ақпараттық шабуылдар ұйымдастырды, - дейді ол.

Депутат ЛГБТ насихатына қарсы петицияға небәрі 2 аптада 50 мың адам қол қойғанын алға тартып, мұның ұлттық болмысымызға жат, ЛГБТ ағымына халықтың ашық қарсы екендігін көрсетті деп отыр.

Парламент бірінші кезекте халықтың мүддесін ескеріп, оны нақты заңнамамен іске асыруы тиіс. Олай болса, Үкімет тез арада келесі шараларды қолға алуы қажет, - деді ол.

Ол бірқатар ұсынысын жеткізді:

Бірінші, жоғарыда аталған петиция талаптарын толық қанағаттандыру керек.

Екінші, барлық платформаларда, әлеуметтік желілерде ЛГБТ-ны насихаттайтын заң нормаларын ұсынамыз. Оған Үкімет оң қорытындысын беруі тиіс.

Үшінші, ЛГБТ-ны қолдап, Мәжіліс депутаттарына ақпараттық шабуылдарды ұйымдастырған тұлғаларды тауып, жазалауы қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға