Жаңалықтар

«Қызметтік көлікті басқарған полицейдің ұлы»: Шымкент полициясы тергеуді бастады

«Қызметтік көлікті басқарған полицейдің ұлы»: Шымкент полициясы тергеуді бастады
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 11.08.2023 19:43 1335

Әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында полицияның қызметтік көлігі бейнеленген бейнежазба анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Рульді жас жігіт тізгіндеген. Автокөлікті полиция департаменті бөлімшелерінің бірінің басшысының туысы басқарғаны анықталды.

Қаратау АПБ қызметкерлері лауазымды тұлғаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі «Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы» бойынша әкімшілік хаттама толтырғанын хабарлаймыз. Қазіргі уақытта осы факт бойынша Шымкент қаласының ПД жеке құрамы инспекциясы қызметтік тергеу жүргізуде, - делінген ІІМ таратқан хабарламада.

Оның нәтижелері бойынша атқаратын лауазымынан шеттетілгенге дейін тәртіптік ықпал ету шаралары қабылданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға