Қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды
Фото: ҚР ІІМ
Фото: ҚР ІІМ
12.11.2024 13:23
345
ІІМ қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда ішкі істер жүйесінде жүздеген ит қызмет етеді. Олардың едәуір бөлігі есірткі заттарын анықтауға үйретілген. Айта кету керек, ит есірткі заттарын ғана емес, оларды қолданушыларды да анықтай алады.
10 айда қызметтік иттердің көмегімен 3,5 мыңнан астам қылмыс ашылды. 1200-ге жуық тексеру іс-шаралары өткізілді. Заңсыз айналымнан 4 тоннаға жуық есірткі, оның ішінде 87 кг синтетика тәркіленді. Мұндай тексерулер әуежайларда, вокзалдарда және жолаушылар пойыздарында, сондай-ақ «Қазпошта» бөлімшелерінде тұрақты түрде жүргізіледі, - делінген мәліметте.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға